{metadescription}
GazVac пен жаңа QazCoVac-P вакцинасының айырмашылығы
GazVac пен жаңа QazCoVac-P вакцинасының айырмашылығы

GazVac пен жаңа QazCoVac-P вакцинасының айырмашылығы

Коронавирусқа қарсы отандық тағы бір вакцина клиникалық сынақтан өткізілгелі жатыр. QazCoVac-P деп аталатын екпені егу Таразда басталады. Мамандар қауіпті кеселдің алдын алу мақсатында дайындалған жаңа препараттың алдыңғы вакцинадан айтарлықтай айырмашылығы бар дейді. 

Берік Хайруллин, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері:

- Алғашқысы инактивтелген вакцина болатын. Ол жерде кәдімгі тірі вируспен жұмыс істейміз. Ал жаңа екпенің бірінші және екінші фазасы суббірлік вакцина деп аталады. Мұның құрамында тірі вирус атымен жоқ.

Мамандардың сөзінше, бұған дейін жануарларға жасалған зерттеу қорытындысы жақсы нәтиже көрсеткен. Ал жаңа вакцинаның клиникалық сынағының бірінші және екінші кезеңі денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен Тараз қаласындағы көпсалалы ауруханада өткізіледі. Оған 18-50 жас арылығындағы еріктілер қатысады. Дәрігерлер екпе салар алдында әр адамның денсаулығын қатаң тексереді. Әзірге қос кезеңге 244 адам таңдалған. Бүгін клиникалық сынақтан өтуге 20 адам өтініш берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде