Елорданың «қызыл» аймақтан шықпай тұрған себебі ...
Науқастар карантинде жатпайды, кәсіпкерлер Ashyq тәртібін сақтамайды. Осының кесірінен елорда тұрғындары карантин тәртібін бұзуда бүкіл елдегі ортақ көрсеткіштен екі есе асып тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бас қаланың «қызыл» аймақтан шықпай тұрғанын осылай түсіндірді.
Автор: Ербол Тұрымбет
16.06.2021
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, осы айда карантин тәртібін бұзу көрсеткіші ел бойынша 1,9 пайыз болса, елордада ол 3 жарым пайыз. Оның үстіне Ashyq жобасына қатысып жатқан кәсіпкерлік нысандары да ережені толық сақтамайды. Соңғы екі аптада елде 68 нысан анықталса, соның шамамен 40 пайызы елордаға тиесілі.
Ковид жұқтырсада үйінде отырмайтындардың да көбі елордадан табылып отыр. Бүгінге дейін 8300 адам анықталса, соның жартысы елордалықтар. Бүгінде қала тұрғындарының 27 пайызы екпе салдырған. Бірақ соңғы кезде оның да қарқыны түсіп кетіпті.
Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ санитария-эпидемиология бақылау комитетінің төрайымы:
- Сәуір айында 98 мың адам салдырса, мамырда 52 мың адам қабылдады. Ал осы айда небәрі 16 мың адам ғана. Күн сайын адам қатарының азайып бара жатқаны байқалып отыр. Осыған дейін күніне 6 мыңға дейін барса, осы күндері 2 мыңға әрең жетеді. Бұл да қаланың «қызыл» аймақтан шығуына кері әсерін тигізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!