Министр: КВИ қайта жұқтырғандар – дер кезінде вакцина салдырмаған»
Коронавируспен ауырып шыққандар арасында қайта жұқтырғандар саны 800-ге жетті. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бұл – дер уақытында вакцина салдырмағандықтан.
Автор: Ербол Тұрымбет
16.06.2021
«Бұрын ауырып шыққан адам енді қайта ауырмайды деген жаңсақ ойдан аулақ болу керек. Олар кезінде вакцина салдырмағандар, соның кесірінен вирусқа қайта тап болып отыр», - дейді Цой. Ондайлар бір Қазақстанның өзінде 800 адам, ал Еуропада, әлемде мыңдап саналады. Сондықтан бұл көрініс бүкіл әлемде сақталып отыр.
Сәуір айының басында Алексей Цой қыркүйек айына дейін 10 миллион қазақстандыққа вакцина салып үлгереміз деген. Енді бұл межеге жете алмайтынын ай сайынғы мәлімет көрсетіп отыр. Министр уәдесін орындай алмағандықтан қызметтен кету-кетпеуін әлі шешпепті.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Кез келген үкімет мүшесіне қатысты бүкіл сұрақ мемлекет басшысына байланысты. Жұмысымыз қалай бағаланса, соған қатысты шешім де қабылданады. Бірақ вакциналау – ерікті шара, біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!