{metadescription}
Атышулы Оралдың 5517 әскери бөлімінде сарбаз атылып өлді
Атышулы Оралдың 5517 әскери бөлімінде сарбаз атылып өлді

Атышулы Оралдың 5517 әскери бөлімінде сарбаз атылып өлді

Оралдың 5517 әскери бөлімінде сарбаз өзін атып өлтірді. Қайғылы жайт бүгін таңғы сағат 5:30-да болды. Қарауылға шыққан сарбаз өзгелер шырт ұйқыда жатқанда мылтықты басына дәлдеп тұрып шүріппесін басқан. Жедел жәрдем жеткенше сарбаз тілге келмей сол жерде жан тапсырған.

Жәнібек Сәрсенов, 5517 әскери бөлім командирінің орынбасары:

- Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Қазір гарнизон әскери тергеу органдарымен тергеу жүргізіліп жатыр. Әзірге басқа ақпарат жоқ.

Марқұмның аты-жөні, туған жылы, келген жағы туралы әскери бөлім басшылығы ақпарат беруден бас тартты. Бәрін тергеуге сілтеді.

2013 жылы дәл осы жерде борышын өтеуіне бірнеше ай қалған Еркебұлан Сейілхановты қарауылда жүрген сәтінде бас жарақатымен тапты. Абырой болғанда оқ басын тесіп өткен сарбаздың жанын дәрігерлер аман алып қалған. 5517 әскери бөлімінің бұдан бөлек те былығы көп. Қарамағындағыларға дөрекі сөйлеп, ақша бопсалаған офицердің әрекеті 2015 жылы әшкере болды. Қыспаққа шыдамаған сарбаздар жасырын видеоға түсіріп, рота командирі Азамат Хамсинді жалпақ жұртқа масқаралады. Бірақ ол еш нәрсе мойындамады. Ал осыдан екі жыл бұрын 300 мың теңге пара алғаны үшін дәл осы бөлім командирінің орынбасары жеті жылға сотталған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде