Өткелдіктер аудан орталығына жете алмай отыр
Атырау облысындағы Өткел ауылының тұрғындары аудан орталығына жете алмай отыр. Жайықтың арғы бетіне өтетін көпір 20 шақырым қашықта орналасқан. Ал оған апаратын жол шұрық-тесік. Төте жол іздеген тұрғындар қыста жұқа мұздың үстімен жанын шүберекке түйіп өтеді екен.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
17.06.2021
Жазда ауданға қайықпен қорқып қатынайды. Сондықтан елдімекен санатына кірмей қалған ауыл халқы тым болмаса жолды жөндеп берсе дейді. Өткелдіктердің өтінішін тілшіміз тыңдап келді.
Жайықты жағалай қоныстанған Өткел ауылы тұрғындарының жаны жабырқаулы. Көңілді көншітетін көпір ауылдан менмұндалап қана көрініп тұр. Ел игілігіне берілген нысанға жетудің өзі бір азап. Қысты күні ауыл ішінде күртік қармен адам түгіл машина жүре алмай қалады екен. Ал аудан әкімдігі елдімекен санатына кірмеген өңірге көңіл бөлмейтін көрінеді.
Ақзия Мұсағалиева, Өткел ауылының тұрғыны:
- Мына жерлеріңіз, сіздердің меморманқоры базасында тұр. Махамбеттің балансында жоқсыздар. Махамбеттің балансына кіргізу керекпіз. Оған дейін сендер айтқанның бірі де де орындалмайды. Ондай заң жоқ деді.
Тоғай ішіне жайғасқан жұрт ит-құсқа жем боламыз ба деп қауіптеніп отыр. Кешкісін ауыл ішінде қасқыр мен қарсақ қаптап кетеді екен. Ал жедел жәрдем қызметкерлері бұл маңға ат ізін салмайтын көрінеді. Сырқаттанып қалғандарды орталыққа өзіміз жеткізіп әлек боламыз дейді тұрғындар.
Сәкен Досақашев, Өткел ауылының тұрғыны:
- Мыналардың сөзін түсінбей тұрғаным. Жерді қазып 13 ауылдан бері қарай, Лесхоздың жерін, мемлекет қорында тұрған жерді қазып газ әкелуге болады. Ал тұрған гридерді тегістеп, асфальт салуға болмайды. Сол түсініксіз! Кейінге қалдырып қақпайлай береді.
Қазір өткел ауылының тұрғындарына тиесілі үш-ақ қайық бар. Тұрғындар соны кезектеп мініп жұмсқа барып келіп-жүр.
Тұрғындардың айтуынша аудан орталығына бару үшін жерді айналып көпірге жету керек. Ал оған дейін 20 шақырып жолды еңсеру қажет. Ауыл адамдары жолды қысқарту үшін, аудан орталығына қайықпен Жайықты кесіп өтуге мәжбүр. Ал ол өте қауіпті. Мысалы, қазір ауыл тұрғыны Гүлмира ханым балаларын жетектеп орталық базарға кетіп барады.
Өткелдіктердің тағы бір өзекті мәселесі – ауызсу құбыры. Қазір Жайықтың лай суын ішіп отырғандар ауруға жиі шалдығады. Ал оны елеп-ескеріп жатқан тірі жан жоқ. Әкімдік Өткел ауылын елдімекен қатарына қоса алмаймыз дейді.
Зұлқарнай Мұқашев, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары:
- Мына жерді орман шаруашылығынан алып, елдімекен қылып табуымыз керек. Бұл участок болып тұр. Заңдастыру кезінде, Махамбетке тіркеліп қойған. Бұл жердегі адамның тағдырын ойластырып жатырмыз. Ол болашақтың жұмысы.
Алақандай ауылдың адамдары қытымыр қыста тағы сергелдеңге түсеміз деп алаңдаулы. Ал шағымын кімге барып айтарын білмейді. Жергілікті атқамінерлер Өткел ауылын әзірге елдімекен санатына өткізуге асығар емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!