{metadescription}
Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасары жеті жылға сотталды
Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасары жеті жылға сотталды

Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасары жеті жылға сотталды

Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Жангелді Әубәкіров енді алдағы жеті жылын темір торда өткізеді.

Шаһар басшысының 42 жастағы экс-орынбасары бөтеннің мүлкін талан-таражға салды деп айыпталған. Сот оны лауазымын асыра пайдаланып пайда таппақ болған деп өзгертті. Сондықтан бұл ауыр қылмыс болып саналады. Ол қарамағындағы бөлім басшысымен бірге жаңа жылдық безендіруге бөлінген 100 миллион теңгені өз қажетіне жұмсап жіберген. Бұрынғы шенеунік осы ақшаға өзіне  су жаңа «Лексус» көлігін, пәтерінің жөндеуіне қажет құрылыс материалдары мен былғары кресло сатып алған. Ақшаны жымқыруға көмектескен тұрғын үй комуналдық шаруашылық бөлімінің экс-басшысы Нұрлан Досов та жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Ең қызығы, сотталушылар қазына ақшасын өздері иемденіп, қаланы безендіру үшін демеушілер көмегіне жүгінген.

Экс-шенеуніктің тағы үш сыбайласы жаза арқалады. Қазына қаржысы аударылған компания директоры мен есепшісі бес және алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде