{metadescription}
Елордада автобус жолақтарында жүруге рұқсат беріле ме?
Елордада автобус жолақтарында жүруге рұқсат беріле ме?

Елордада автобус жолақтарында жүруге рұқсат беріле ме?

Баслайнда бәрі жүреді. Елордада автобус жолақтарында жай көліктерге жүруге рұқсат беріледі. Әкімдік әзірге пилоттық жоба ретінде сынап көрмекші. Осындай ұсыныс жуырда Алматыда айтылғанымен қабылданбады. Нұр-сұлтан әкімдігі тиісті органдармен бірлесіп, қай көшеде және қашан сынақтан өткізетінін ақылдасып жатыр.

Бұл шешімнің қаншалық тиімді екенін әрі жолаушы тасымалына қалай әсер ететінін сараптап алмақшы.

Бүгінде елорда көшелерінің 22 бөлігінде жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын автобус жолағв бар. Ол тиімді болғандықтан қала басшылығы баслайнның ұзындығын тағы 42 шақырымға ұзартады. Бірақ әкімдік белгілі бір уақытта баслайн тәртібін алып тастау арқылы көлік ағынына қатысты бірқатар статистикалық зерттеу жүргізгісі келеді. 

Мәди Сарыбасов, "CTS" ЖШС көлікті үйлестіру департаменті директорының орынбасары:

- Пилоттық жоба іске асырылған жағдайда оның қаншалықты тиімді екенін анықтауға мүмкіндік аламыз. Қала тұрғындарының бұл шешімді қалай қабылдайтыны мен оның ережелері қаншалықты дұрыс сақталатынын анықтай аламыз. Әзірге тиісті органдармен жан-жақты келісілдіп жатыр.

Көшелердегі арнайы автобус жолақтары әуелде 2015 жылы Алматыда көшелерінде көрініс тапты. Ол қаланың ауасының ластануын азайтумен бірге автобустардың жүру уақытын 40 пайызға дейін қысқартты. Кейін бас қала көшелерінде де осындай «А» әрпі бар ерекше жолақтар пайда болды. Осы жолақтарға белгілі бір уақытта басқа көліктердің жүруіне рұқсат беру мәселесі өткен мамыр айында Алматыда да қөзғалған. Бірақ ұсыныс қабылданбады.

Автобус жолағында қоғамдық көлік қана емес, сонымен бірге арнайы көліктердің де жүруіне рұқсат етілген. Соның арқасында жедел жәрдем науқастарға межелі уақытында. 10-15 минут аралығында жетіп үлгереді. Енді автобус жолдарында жай көліктердің де жүруіне рұқсат беріледі деген хабар оларға жағымсыз жаңалық болып тұр. Өйткені бұрынғыдай жедел жәрдемге жол бермеу немесе апатты жағдай туғызу сынды қиындықтарға қайта ораламыз деп қаймығады.

Манатбек Бейсенбеков сегіз жылдан бері елордада жедел жәрдем айдап келеді. Осынша уақытта түйгені, автобус жолағына басы артық көлікті жолатпау керек деген ұстанымда. Өйткені күн сайын жолда кездесетін қиындықтың кесірінен науқастарға жету уақытымыз ұзарып кетеді дейді.

Манатбек Бейсенбеков, жедел жәрдем жүргізушісі:

- Қабанбай батыр көшесін жапты ғой өткенде, автобус жолағы жоқ болды. Сол кезде сәл қиындау болды. Қазір қайта сары жолақ қойып, ашылды. Рахат болды. Мысалы, шақыру берген кезде Қабанбай көшесіне шығып автобус жолағымен жылдам, тез жетеміз.

Есесіне қарапайым көлік жүргізушілері бұл жаңалықты құптайды. Тіпті оның өзін азырқанады. Себебі, күндіз жай тіршілігінен бөлек, клиентпен жұмыс істейтін шағын жүк көліктері кептелістің кесірінен тапсырысымызға кешігетінін айтады. Сондықтан үш жолақты қайтаруын қалайды.

Абылай Жолаушыбай, көлік жүргізушісі:

- Еептеліс болмаса әрбір жерге өз уақытында жетуге болады. Сағат 4-тен 6, 7, 8-ге дейін кептеліс болады. Немесе түнде рұқсат берсін, тым болмасаӨйткені кейде өзіміз де түнде такси айдаймыз. Автобус жолағы қиын болады. сол үшін түнде жүреміз, күндіз жүрмейміз .

Егер ұсыныс қабылданса, көшелерде жай көліктермен бірге қоғамдық көлік пен жедел жәрдем де кептеліп тұрады. Әзірге қала билігі пилоттық жобаны қашан және қай көшелерде сынап бастайтынын ақылдасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде