{metadescription}
COVID-19: Алматыда вирус қаупі сейілмей тұр
COVID-19: Алматыда вирус қаупі сейілмей тұр

COVID-19: Алматыда вирус қаупі сейілмей тұр

«Жасыл» аймаққа ойысқан Алматыда індет жұқтыру көрсеткіші төмендегенімен, қауіп сейілмеген. Қалада коронавирустың мутация жаңа штаммы бар ма, жоқ па, ол  әзірге белгісіз. Оны анықтау үшін қазір мамандар зерттеу жүргізіп жатыр.

Сондықтан пандемияның үшінші толқыны басталып кетпес үшін санитар дәрігерлер тұрғындарды вакцина алып, санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырды.

Кеше ғана Алматы қаласының әкімі күзге қарай індетке қатысты жағдай ушығып кетуі мүмкін деп жұртты алаңдатып қойып еді. Мұндай қауіп туралы бүгін Жандарбек Бекшин де ескертті. «Жасыл» аймаққа өттік екен деп арқаны кеңге салуға болмайды. Себебі, көрші елдердегі ушыққан эпидахуалдың бізде де қайталанбасына еш кепіл жоқ дейді.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері:

- Бостандық келді деп ойлауға болмайды. Неге десеңіз, қазір Ресейде ауру қалай өршіп жатқаны мәлім. Үндістан, Еуропа елдерінде де көтеріліп жатыр. Басты себебі, әрине, жаңа мутациядан өткен штамм кірген, екіншіден бостандық келді деп, еркінсіген, эпидемиологиялық шектеу шарасын  сақтамайды.

Коронавирустың мутация түрлері бізге жетті ме, жоқ па, ол әзірге белгісіз. Үндістандық, бразилиялық, британдық, даниялық және вьетнамдық штамдардың бар-жоғын анықтауға қазір мамандар 31 түрлі зерттеу жүргізіп жатыр. Соған қарамастан, Бекшин шектеу шараларын жеңілдетеді. Себебі, маусымда індет жұқтыру көрсеткіші екі есеге азайған.

Бүгін шығатын жаңа қаулыға сәйкес, енді мекемелердегі қызметкерлердің 70 пайызы кеңседен жұмыс істей алады.  Бизнеске де жеңілдіктер бар

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері:

Қоғамдық тамақтану орындарына келсек, мейрамханалар мен кафелер таңғы 7-ден түнгі 2-ге дейін ашық болады. Бірақ келушілер саны 50 пайыздан аспауы керек. Сауна, спа-орталық және моншалар еш шектеусіз, күндіз-түні жұмыс істей алады.

Бұл құжат 19-маусымнан бастап күшіне енеді.

Әзірге алматылықтардың 18 пайызы вакцинациядан өткен. Мақсат – екпе алғандардың санын 70 пайызға жеткізу.

Соңғы тәулікте Алматыда 109 адамның тесті оң шыққан.

Нұр-Сұлтандағы жағдай тұрақталар емес. Бір күнде індетпен 343 науқас тіркелген. Сондықтан қала әлі де «қызыл» аймақта тұр.

Қауіптің «сары» деңгейінде Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Өткен тәулікте елімізде коронавируспен тіркелгендердің жалпы саны 1145. Ал пандемия басталғалы індет жұқтырғандар 405 мыңнан асып кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде