{metadescription}
Үкіметтің былығы ашылды: Миллиардтар мақсатсыз шашылған
Үкіметтің былығы ашылды: Миллиардтар мақсатсыз шашылған

Үкіметтің былығы ашылды: Миллиардтар мақсатсыз шашылған

Есеп комитеті Үкіметтегі былықтың бетін ашты. Тексеру комиссиясының мәліметінше, дағдарысқа қарсы бөлінген миллиардтарды жұмсауда заң бұзылған. Министрлер кабинеті бюджеттің қаржысын мақсатсыз шашуын да тыймай отыр.  

Наталья Годунова, Есеп комитетінің төрайымы:

- Дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржы бойынша бірқатар сұрақ бар. 6,9 трлн теңгенің 4,5 трлн теңгесі тексерілді, оның 2 трлн теңгесі бойынша аудит жүргізілді. 355 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды, тағы 243 млрд теңге жоспарлауда Үкіметпен бірлескен жұмыста қайта бөлінді. Барлық мемлекеттік аудит органдары анықтаған тиімсіз жұмсалған қаржы мөлшері шамамен 570 миллиард теңге.

Қазына қаржысын жұмсаған 11 шенеунік жазасын алыпты. Миллиардтарды тиімсіз жұмсап жүрген тек Үкімет қана емес, квазимемлекеттік сектор да ақшамен жұмыс істей білмейді. Есеп комитеті ұлттық компаниялар акционерлердің дивидендтерін төлеуге валюталық қарыз алғанын анықтаған. Қаржылық заңбұзушылық сомасы 41 миллиард теңге. Активтерді тиімсіз пайдалану одан 9 есе артық, 340 миллиард теңгедей. Ақшаның көп бөлігін мемлекеттік компаниялар демалысқа, әдемі өмір сүруге бөлген. Квазимемлекеттік сектордағы компанияларда-моторлы яхта, шаңғы трассалары, спорттық-сауықтыру кешені, мейрамхана, қонақ үй бар болып шықты. Елдің дамуынан бұрын қара басының демалысын бірінші орынға қойған басшылардың ісі сенаторлардың ашуына тиді.

Ольга Перепечина, Сенат депутаты:

- Квазимемлекеттік сектордың теңгеріміндегі белсенді емес активтер моторлы яхта, шаңғы тебуге арналған жолдары бар спорттық-сауықтыру кешені, дәмхана, қонақүй бар. Олар коммерциялық пайда әкелмейді. Портфельді басқару мәселесінде квазимемлекеттік сектордың тиімділігін бағалауды көздеу қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде