{metadescription}
Саудакентте 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады
Саудакентте 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады

Саудакентте 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамға оқ атты. Жараланған 20 мен 24 жас аралығындағы азаматтар Сарысу ауданының ауруханасына жеткізілген. Жағдайы ауыр. Екеуі Тараздағы емдеу мекемесіне шұғыл ауыстырылды. Басына тиген оқтан миына қан құйылған.  

Гамзад Мұсаев, Тараз қаласы көпбейінді аурухананың бөлім меңгерушісі:

- Түскен кезде бір науқастың жағдайы ауыр болған. Миына ота жасалынып, ұйыған қан алынды. Бүгінгі жағдайы жасалған отаға сай. Есі бар. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Екінші науқас жедел түрде отасыз емделіп жатыр. Қазір ем алып жатыр.

Оқиға Саудакент ауылында болған. Полицейлердің мәліметінше, ауыл жастары ерегесіп, арты атысқа ұласқан. Текетірестен кетіп қалған  22 жастағы жергілікті тұрғын қайта оралып бір топ жігітті 16-шы калибрлі мылтықпен жайратып салған. Шамамен 30 метр қашықтықтан атылған бытырадан бес адам жараланған. Оқ екеуінің аяғына, біреуінің ішіне тиген. Олар қазір аудандық ауруханада жатыр. Ал, басынан жарақат алған екеуі Тараздағы емдеу мекемесіне шұғыл жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал қару қолданған күдікті қолға түсті.     

Ардақ Мәдімаров, Жамбыл облысы ПД криминалдық полиция бастығы:

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұзақылық ниетпен «Бірнеше адамды өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғалды. Бұл азаматтардың арасында жанжал болғандығы анықталды. Содан кейін күдікті оларға қарай оқ атқан. Ол жедел іздестіріліп ұсталды. Қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.