{metadescription}
Үш жасар бүлдіршін көлікте тірідей жанып кетті – Ақтөбе облысы
Үш жасар бүлдіршін көлікте тірідей жанып кетті – Ақтөбе облысы

Үш жасар бүлдіршін көлікте тірідей жанып кетті – Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында үш жасар бүлдіршін көлік ішінде тірідей жанып кетті. Ал оның жеті жасар бауыры дереу құтқарылғанымен, оңбай күйген балақайды дәрігерлер аман алып қала алмады.

Нұрхат Қалдыбаев, Ақтөбе облысы ТЖД басқарма бастығының орынбасары:

Оқиға орнына келген кезде аулада тұрған автокөліктің жанғаны анықталды. Біздің өрт сөндірушілермен өрт сөндірілді. Бірақ 2018 жылғы бала өртте қалып қойды. Екінші бала біздің қызметкерлер келген кезде машина сыртында болды. Өзі шықты немесе тұрғындар шығарды ма, белгісіз.

Жанып кеткен балалар дәл осы ескі көліктің ішінде отырған. Бұл оқиға Әйтеке би ауданына қарасты Көрпе ауылында болған еді. Аулада тұрған машинаның жүрмегеніне де көп болыпты. Қазір оттың неден тұтанғанын мамандар тексеріп жатыр. Өрт шыққанда үш жасар бүлдіршін сыртқа шыға алмай қалады. Ал оның жеті жасар ағасының денесінің сексен пайызын күйік шалып, аудандық ауруханаға жеткізеді. Бірақ аман алып қалуға еш мүмкіндік болмады дейді дәрігерлер.

Айгүл Күштаева, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қаладан медициналық авиациядан реаниматолог, анестизиолог, комбустиолог, травмотолог дәрігерлер жолданды. Барлық медициналық көмектер көрсетілді. Өкініштісі, көрсетілген емнің нәтижесі болмай, бала қайтыс болды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде