Ерекше балаларға қамқор арнайы орталықтар мен мектептер ашылуда
Елімізде балаларға ерекше қамқорлық қажет ететін арнайы орталықтар мен мектептер көптеп ашыла бастады. Өңірлерде инклюзив білім беру бойынша да жоба сәтті жүзеге асырылуда. Басты мақсат – бүлдіршіндерді әлеуметтендіру және қоғамға бейімдеу.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
18.06.2021
Еліміздің батыс өңірінде Елбасының «Қамқорлық» бастамасының аясында бірнеше инклюзив білім беру кабинеттері жұмыс істеп жатыр.
Оралдағы №5 мектеп директоры Әсем Бақытжанова инклюзив білім беру кабинетін ашу алғашында қорқынышты болды дейді. Өйткені бұл үлкен жауап қажет етеді. Дегенмен қиындықты еңсерген тәжірибелі маман жұмысын батыл бастап кеткен. Қазір арнайы кабинеттің жұмыс істеп тұрғанына жарты жылдан асқан.
Әсем Бақытжанова, №5 мектеп директоры:
- Инклюзияны қолдау кабинетінің бір оқушысы, келесі жылдан бастап жалпы білім беретін сыныпта оқитын болады. Бұл, әрине, біз үшін алғашқы жеңіс. Бұнымен тоқтап қалмаймыз. Балалар – біздің болашағымыз.
Атыраулық 12 жасар Айшаны анасы күн сайын жетектеп қаладағы жекеменшік инклюзив дамыту орталығына әкеледі. Облыстағы білім бөліміне қарасты мекеме бала толық жетілмеген деп қабылдамаған. Амалы таусылған ана қазір қызының еміне қыруар қаражат сарп етіп жүр. Айшаның үйдегі екі бауыры да мүгедек.
Әмина Хадисова, Атырау облысының тұрғыны:
- Айша қызым екінші бала. Төртінші сыныпқа дейін үйде оқып келді. Енді біз бесінші ге көшетін кезде комиссия рұқсат бермеді. Балаға төрт жыл бойы мүмкіндік беріп келдік, енді бере алмаймыз деді. Қазір бәрі кезегін бағып отыр, балаларын әкеле алмайды. Мұнда орталықтың жоқтығына байланысты. Осындай орталықтар көбірек ашылса. Басқа да балалар да барса.
Атырауда Әмина Хадисова секілді шырылдап жүрген ана көп. Ет бауырының дертіне дауа іздегендер ақылы оңалту орталықтарына баруға мәжбүр. Бүлдіршіндер Үкіметтің үйіп берген тегін еміне іліге алмай жүр. Олқылықты облыс білім бөлімінің маман тапшылығымен түсіндірді.
Айнұр Сейдеғалиева, Атырау қаласы білім бөлімінің әдіскері:
- Падагог,дефектологтар мектептерге бөлгендіктен, маман мұғалімдерді алуға мәжбүр болып отырмыз. Бірақ барынша дефектологтар мен логопедтерді аламыз. Және бұл мамандарды жыл бойына оқыту жалғасуда.
Қазір Атырау облысында ерекше білімді қажет ететін 6653 бала болса оның, 509 ғана үйден оқып отыр. Ал инклюзив біліммен 1040 балдырған қамтылған. 2020 жылы мектептерде 6 бірдей арнайы қабинет ашылды. Оның көбісі «Қамқорлық қорының» қолдауымен жұмыс жасап тұр. Қазір атырыраулық мамандар ерекше балғындарды қатарға қосуға қарқынды жұмыс істеп келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!