{metadescription}
Самокат мінгендерді шектеу бастамасына қарсы шығып жатыр
Самокат мінгендерді шектеу бастамасына қарсы шығып жатыр

Самокат мінгендерді шектеу бастамасына қарсы шығып жатыр

Елімізде самокат мінгендердің қозғалыс аумағы мен жылдамдығына шектеу енгізу керек деген бастама аталмыш көлік түрі иелерінің қарсылығын туғызды. Көліктен самокатқа көшкен қараша мұндай өзгеріс енгізбес бұрын, веложолақ санын арттыру керек деген пікірде.

Мемлекеттік нөмірі болмаған соң жоғары жылдамдықпен жүретін электр самокатты емес, иелерін тіркеуді ұсынды.

Самокат айдағандарға қатысты жаңа ереже өткен аптада ішкі істер министрігінде көтерілген еді.

Қазақстанда соңғы жылдары электр самокат тізгіндейтіндер күрт көбейді. Қалта түбін қақпайтын, құжат қажет етпейтін көлік құралына көшкендердің бірі – Юрий. Алматы тұрғыны ішкі істер министрлігінің самокат мінгендердің қозғалысына шектеу қою керек деген ұсынысына түбегейлі қарсы. Ол ең алдымен қалада веложолақтың санын арттырып, емін-еркін қозғалуға мүмкіндік жасау қажет деген пікірде. 

Юрий Шахворостов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Жұмыстан үйге самокатпен қатынайтындар көп. Веложолақ санаулы ғана көшеде бар. Сондықтан амал жоқтығынан тротуарға немесе трассаға шығамыз. Онда тұрған ештеңее жоқ деп ойлаймын. Ал жылдамдыққа шектеу қойса, самокаттың не қажеті бар? Сондықтан самокат мінгендерге қатысты жаңа ереженің дәл қазір еш қажеті жоқ.

Бір апта бұрын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қос дөңгелекті көлік құралын тақымдағандардың трасса мен жаяу жүргіншілер жолындағы қозғалысына тыйым салып, олардың жылдамдығына қатысты өзгеріс енгізуді тапсырды. Алайда сарапшылар жаңа талап енгізбес бұрын, жоғарғы жылдамдықпен жүре алатын самокаттарды ортақ базаға енгізу керек деп отыр. Өйткені ешқайда тіркелмеген оларды бақылап жауапқа тарту қиынға соғады дейді.

Арсен Шакуов, "Ортақ жол" жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының жетекшісі:

- Самокаттарда мемлекеттік нөмір жоқ. Олардың көлік жүргізу куәлігі де болмайды. Камера арқылы бақылай алмайсың. Оларды ең алдымен қорғаныш құралын киюге міндеттеу керек. Сосын жоғарғы жылдамдықпен жүре алатын самокаттардың иесін тіркеу қажет. Олардың саны көп емес.Ал осы көлік құралын жалға беретін компаниялар самокаттарға белгіленген жылдамдықты орнатсын.

Алматыда электр самокатты жалға беретін үш компания жұмыс істейді. Олардың әрқайсысында кемі 300-ден осы екі дөңгелекті көлік құралы бар. Сондай мекеменің басшысы кептелістен көз ашпайтын шаһарда самокатқа деген сұраныс соңғы екі жылда ерекше артқанын алға тартады. Сондықтан ол самокатқа қатысты жаңа ереже енгізуге әлі ерте екенін айтады.

Максим Зайкин, самокатты жалға беретін компанияның басшысы:

Самокатты көлік ретінде қолдану біздің елге енді келді. Жол жүру мәдениетін қалыптастыру үшін уақыт керек. Самокат тізгіндегендерді кінәлай беру орынсыз. Оған қоса әкімдік қалада веложолақтардың санын арттырып жатыр. Ал жалдамалы самокаттарда жылдамдық сағатына 30 шақырымнан аспайды. Біз солай енгізіп қойғанбыз. Жаңа ереже енгізу үшін емін-еркін қозғалысқа жағдай жасау керек. 

Жыл басынан бері қос дөңгелектілердің қатысуымен Алматыда 14 жол апаты тіркеліпті. Ішкі істер министрлігі жаңа ереже арқылы жол бойындағы олқылықтың алдын алуға болатынын жеткізді. Бірақ самокат мінгендерге қатысты өзгеріс әлі пысықталып жатыр. Жол ережелеріне түзету енгізу барысында мамандар дамыған елдердің тәжірибесін де назарға алмақ. Сондықтан аталмыш көлік құралын тақымдағандар әзірге велосипед пен автобусқа арналған жолақпен немесе жолдың оң жақ шетімен емін-еркін қозғала береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде