Павлодарда құлаған үй астында қалған жұмысшы ауыр халде жатыр
Павлодарда құлаған үйдің астында қалған бір жұмысшының халі өте ауыр. Бел омыртқасына ота жасалуы мүмкін. Қазір науқастың жағдайын дәрігерлер консилиумда қарап жатыр.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
18.06.2021
Эльмира Темірғалиева, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Политравма бөлімінде жатқан екі ер адамның да жағдайы мәз емес. Екеуінің де бас сүйегі жарылып, миы шайқалған.34 жастағы бірінің тіпті бел омырқасы сынған.Дәрігерлер жан жақты тексерген соң қандай ота жасалатыны белгілі болады.
Төтенше жағдай кеше кешкісін болған. Қала орталығында салынып жатқан төрт қабатты ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жұмыс істеп тұрған кран қабырғаны соғып кеткен. Ал кейбір куәгерлер нысан қабырғалары төбе жабындысын көтере алмай жалп ете түсті дейді. Осы кезде жұмыс істеп жүрген үш құрылысшы үйінді астында қалыпты. Барлығы Өзбекстан азаматтары. Қазір еңбек инспекциясы құрылыс нысанындағы апаттың неден болғанын анықтап жатыр.Ал полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жанна Біләлова, Павлодар облысы ПД баспасөз қызметкері:
- Апат орнында Өзбекстанның үш азаматы көп жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір құрылыста қауіпсіздікті сақтамау мәселесі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!