{metadescription}
Маңғыстау облысында пара беру тәсілін айтқан басшы қызметінен кетті
Маңғыстау облысында пара беру тәсілін айтқан басшы қызметінен кетті

Маңғыстау облысында пара беру тәсілін айтқан басшы қызметінен кетті

Маңғыстау облысында қызметкерлеріне пара беру тәсілін айтқан бөлім басшысы жұмыстан босатылды. Ол бұл әрекеті арқылы мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіріп, әдеп кодексін бұзған.   

- Француз үйінен 50 мыңды былай қойып, екеуіне 25 мыңнан әтір алып берсем, «иә нормально иә» деді. Солай емес пе? Қарым-қатынас жақсы болады.

Әлеуметтік желіде таралған видеода Мұнайлы ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бахтияр Қуанышбек қызметкерлеріне облыстағы екі басқарма бастығына 50 мың теңгеге Montale атты қымбат француз әтірін сыйлайтынын айтып мақтанған. Тіпті бастығыңа сый-сияпат жасасаң, достығың ұзағынан болады деп өзгелерге ақыл айтуда.  Ол видеода аталған басқарма басшылары кейде кешкісін қайда жүргенін сұрап, хабарласатынын да жасырмады. Қымбат сыйлық жасап көңілін тапсам, орынтаққа да ұзағынан отыруға болатынын айтып қояды. Бахтияр Қуанышбек Мұнайлы ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болып жақында тағайындалған. Үш ай сынақ мерзімі бітпей жатып жұмыссыз қалды.

Бақтияр Қуанышбек:

- Өзімнің басқарма бастықтарым тікелей Жанна Жұмабаевна мен Венера Тұрановнадан да кешірім сұраймын. Себебі, ешқандай арамызда сыйлық бойынша келісім болған жоқ. Облыс, аудан әкімдіктерінен де кешірім сұраймын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.