Алматыда карантин талабы жеңілдетіледі
Алматыда эпидемиялогиялық ахуалға қатысты қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес ертеңнен бастап қаланың «жасыл» аймаққа өтуіне байланысты карантин талабы жеңілдетіледі.
Автор: Салтанат Шырынхан
18.06.2021
Супермаркет, дүкендер және ашық базарлар, мектепке дейінгі мекемелер, монша мен сауналар, спа-орталықтар, бассейндердің жұмыс уақыты шектелмейді.
Ashyq жүйесі бар мейрамхана мен кафелер таңғы 7 -ден түнгі 2-ге жұмыс істейді. Тек мейман саны 70 адамнан аспауы тиіс. «Ашық» жүйесі орнатылмаған қоғамдық тамақтану орындарында сыйымдылығына қарай келуішлерді 30 пайыздан артық қабылдай алмайды. Дәл осындай тәртіппен театрлар, кинотеатрлар мен концерт залдары да жұмыс істей алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!