{metadescription}
Тараз: Көп қабатты үйдегі өртте зейнеткер көз жұмды
Тараз: Көп қабатты үйдегі өртте зейнеткер көз жұмды

Тараз: Көп қабатты үйдегі өртте зейнеткер көз жұмды

Тараздағы көп қабатты үйлердің бірінде өрт болып, бір адам ажал құшты. Денесін 90 пайызға күйік шалған 72 жастағы зейнеткер ауруханада көз жұмған.

Тілсіз жау тұтанған кезде үйде арбаға таңылған мүгедек әжей мен оның 42 жастағы баласы болыпты. Лезде күш алған жалыннан екеуі де сыртқа шыға алмай түтінге тұншығып қалған. Дереу жеткен төтеншеліктер алдымен екеуін, сосын жоғарғы қабаттағы төрт баланы сатымен түсіріп алды. Жеткіншектер зардап шеккен жоқ. Жалпы 25 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Тілсіз жау небәрі жарты сағатта ауыздықталған. Алдын ала болжам бойынша өрт темекі тұғылынан тұтанған. Ал денесін күйік шалған зейнеткер мен оның баласы бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Кейуананың өмірін сақтап қалу мүмкін болмапты. Ол екі сағаттан соң көз жұмды. Қазір марқұмның ұлы дәрігерлердің бақылауында.  

Әбілсейіт Сыдықов, Тараз қаласы көбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Ол кісінің келіп түскендегі диагнозы денесінің 10 пайызын күйік шалған. Өрттен тыныс алу жолдары зақымдалып, ол кісі де түтіннен уланып жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір жағдайы қанағатты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.