{metadescription}
Марқұм сарбаздың анасы: «Жала жаппасын, баламды қараламасын»
Марқұм сарбаздың анасы: «Жала жаппасын, баламды қараламасын»

Марқұм сарбаздың анасы: «Жала жаппасын, баламды қараламасын»

Оралдағы 5517 әскери бөлімінде қаза тапқан сарбаздың туыстары марқұмның өзін атып өлтіргеніне сенбейді. Қасында қатарластары бола тұра, мұндай қадамға барғанына күмәнданып отыр.

21 жастағы Қолғанат Әшіровті бүгін жерледі. Сүйегін әкелген әскерилер оны ақтық сапарға шағырап салу рәсіміне қатысқан жоқ. Ал жақындары тергеушілерден жұмбақ өлімнің себебін анықтауды сұрап отыр. Марқұм осыдан жарты жыл бұрын Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Күнара ата-анасымен бейнебайланыспен сөйлесіп тұрыпты. Жақында туыстары сарбазға кездесуге барып қайтуды да жоспарлаған. Оның үйді сағынып ақырғы хатын қалдыруы мүмкін емес деп отыр. Ол мылтық шүріппесін басқанда қасындағылардың кедергі келтірмей, байқамай қалуы да күмән келтіреді дейді.

Бұл қайғылы оқиға екі күн бұрын Оралдағы 5517 әскери бөлімінде таң ата болған. Қарауылға шыққан Қолғанат Әшіров өз қаруынан атылған. Қаралы отбасы тергеушілер қазір үш нұсқамен тексеріп жатқанын айтады.

Гүлшат Жұбатқанова, марқұмның анасы:

- Басы шашылып қалған. Өзіне үш оқ ату мүмкін емес. Өз ешқашан ондай жасамайды. Бәрі суицид деп айтып жатыр. Мен келіспеймін. Жала жаппасын, менің баламды қараламасын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде