Арал ауданында төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Арал ауданында төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Елде белең алған қуаңшылық, әсіресе Қызылорда облысындағы ауыл жұртының күйін кетірді. Қыс, көктемде қар мен жауынның аз түсуінен жайылымға шөп шықпай, мал шаруашылығына айтарлықтай ауыртпалық әкелген.
Автор: Ербол Тұрымбет
18.06.2021
Еркін Әбішев, Арал ауданы әкімінің орынбасары:
- Жайылым, шабындық жерлерді суландыратын бірінші кезекте аудан бойынша қазір 17 каналға тазалау жүргізу қажет етіп отыр. Жалпы ұңғымалардың су көздері бітеліп, жарамсыз күйге жеткен. Ауданда орын алып отырған қуаңшылық жағдайына байланысты жайылымдарды суландыру мақсатында бірінші кезекте қазір 15 су ұңғымасын қазуды жолға қойып отырмыз.
Аудандағы 13 ауылда жайылым жерлерінің 90 пайызының шөбі қурап кеткен. Қазір көрші аудандардан жүздеген тонна мал азығы жеткізіліп жатыр. Тура осындай қуаңшылықтан айдың басында Маңғыстауда мал қырыла бастаған еді. Енді осы жағдай елдің орталық өңірлеріне де келетін сияқты. Қазгидрометтің хабарлауынша, Маңғыстаумен бірге Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан өңірлерінің бірқатар аудандарына да құрғақшылық қаупі төніп тұр. Қуаңшылық, әсіресе Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы мен Қостанай облысының Амангелді аудандарында қиын болады деген болжам бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!