Павлодарда тігін цехы бір түнде екі рет өртенді
Павлодарда бір түнде тігін цехы екі мәрте отқа оранды. Қасақана өрт қоюы мүмкін деген күдік бар. Қазір полиция жан-жақты тергеуді бастады.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
21.06.2021
Тігін цехы қаланың қақ ортасында орналасқан. Құрылысқа да, кез келген кәсіп ашуға да өте қолайлы. Сондықтан шұрайлы жерге әлдекімнің көзі түсуі де әбден мүмкін деген жорамал бар. Өйткені «Просто Мария» салонынан демалыс күндері екі рет өрт шыққан. Соңғысы тіпті қатты болған. Тілсіз жау 500 шаршы метр аумақты шарпыпты. Жалаңдаған қызыл жалын қаланың арғы бетінде көрініп тұрған. 20 шақты құтқарушы жабылып әрең сөндірген. «Апат адам қолынан жасалуы да мүмкін», - дейді тәртіп сақшылары.
Жанна Біләлова, Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Тігін цехына белгісіз біреу өрт қойды.Нысанның шатыры мен қабырғасы жанып кетті. Шығын есептеліп жатыр. Қаже сараптама тағайындалды. «Қасақана біреудің мүлкін жою немесе бүлдіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!