Алматы облысында жол апатынан зардап шеккендер аса ауыр халде жатыр
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендер аса ауыр халде жатыр. Екеуі бірден жансақтау бөліміне түскен. Оның бірі 12 жасар қыз. Миына зақым келген жасөспірім қазір Шелек ауылындағы ауруханада жатыр. Ал 42 жастағы ер адамның жағдайы мүшкіл дейді дәрігерлер.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
21.06.2021
Серікбек Нұрланбек, Шелек ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі:
- Шұғыл ота жасалып, көк бауыры алынып, жыртылған бауыры тігілді. Қазір науқастың жағдайы өте ауыр. Толық, үздіксіз ем беріліп жатыр. Комада. Өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған.
Қайғылы оқиға өткен сенбіде Алматы - Көкпек - Көктал тас жолында болған. Кешкі уақытта жолаушы толы Toyota RAV-4 пен Audi көліктері соқтығысып, түгі қалмай мыжылып қалды. Жеті адам тіл тартпай өліп кетті. Марқұмдардың төртеуі – бала. Арасында төрт айлық сәби де бар. Ал қаза тапқан үш ересектің екеуі көлік жүргізушілері. Қазір полицейлер бұл апатқа не себеп болғанын анықтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!