{metadescription}
Созақта ірі жол апатынан 8 адам қайтыс болды
Созақта ірі жол апатынан 8 адам қайтыс болды

Созақта ірі жол апатынан 8 адам қайтыс болды

Түркістан облысында ірі жол апатынан тірі қалған жалғыз жолаушыны дәрігерлер құтқарып қала алмады. Кешелі бері жансақтау бөлімінде жатқан азамат бүгін ес жимастан бақилық болды. Осылайша ауыр жол апатында көз жұмғандар саны 8 адамға жетті.

Жантүршігерлік апат  Созақ ауданына болған. Екпінді және Бірлік ауылдарының ортасында екі жеңіл көлік бетпе-бет соғысқан. «Лада приора» мен «Фольксваген Гольф» көліктерінің жүргізушісі мен қос көлік ішінде болған бес жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетсе, біреуі ауыр халде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Жол апатына қос көліктің бірі қарсы бетке шығып кеткені себеп болған. Бірақ қайсысы кінәлі екені әлі анық емес. Түрлі сараптама тағайындап тергеу жүргізіп жатқан полицейлер мерт болғандар ер азамат екенін хабарлады.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы:

Полиция екі жүргізушіні анықтады. Олар Шымкент қаласы және Жамбыл облысының тұрғындары. Бір азамат ауруханаға жеткізілді.Бірақ кешке ол кісі де көз жұмды. Қазір аталмыш оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде