Жамбыл облысында қыркүйекте вакцина зауыты іске қосылады
Отандық вакцина шығаратын Жамбыл облысындағы жыр болған зауыттың ашылатын мерзімі кезекті рет айтылды. Қордай ауданында орналасқан кәсіпорын техникалық сынақтан сүрінбей өтіпті. Енді қыркүйек айында толық іске қосылмақ.
Автор: Руслан Әбдіхалық
21.06.2021
Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:
- Қазақстан вакцина шығарудан әлемдегі бесінші мемлекет. Бізде бұған дейін зауыт салатындай тәжірибе болған жоқ. Сондықтан бізге АҚШ, Қытай сынды шетелдік әріптестермен байланыс орнатып, солардан құрал- жабдық алуға тура келді. Карантин уағында оларды жеткізу де оңай болмады.
Өндіріске қажет құрал-жабдықтың 99 пайызы жеткізілген. Бірақ кәсіпорын іске қосылу үшін мамандар оның технологиясын тексеріп, лицензия беруі тиіс екен. Оған екі айға жуық уақыт керек. Десе де аймақта отандық KazVac екпесін өндіру тоқтатылған жоқ. Бұл Гвардейский ауылындағы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында жүзеге асырылып жатыр. Ондағылар дертке қарсы дәрінің 200 мыңға жуық дозасын шығарып үлгерген. Енді бұл межені 500 мыңға жеткізуді көздейді. Ал қыркүйек айында жаңа зауыт іске қосылса, оның көлемін 1 миллионға дейін арттыру жоспарланған. Бірақ зауыт жұмысын бастағанымен, тағы бір мәселе туындайтын тәрізді. Бердібек Сапарбаевтың сөзінше, осы саланың тілін түсінетін маман тапшы. Сондықтан оларды шетелден шақыртуға мәжбүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!