{metadescription}
КТК телеарнасы «Парламент сөзі» сыйлығына ие болды
КТК телеарнасы «Парламент сөзі» сыйлығына ие болды

КТК телеарнасы «Парламент сөзі» сыйлығына ие болды

«Парламент сөзі» сыйлығының арнайы номинациясы КТК телеарнасына бұйырды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған  сыйлық БАҚ өкілдеріне алғаш рет табысталып отыр.

«Парламент сөзі» сыйлығы жыл сайын Мәжіліс депутаттарының жұмысын насихаттап жүрген журналистердің басын қосады. Әр сәрсенбінің таңында Төменгі палата отырыстарын өткізіп, заң жобаларын талқылап қабылдайды. Пандемияға байланысты БАҚ бір жылдан астам уақыт бойы отырыстарды онлайн режімінде бақылап жүр.

«КТК» телеарнасының тілшілері де мұндай жағдайға бейімделгенімен, ең өзекті тақырыптарды көрерменге жеткізуді тоқтатқан емес. Мәжіліс тағайындаған номинацияның КТК телеарнасына маңызы зор. Биыл еліміздің Тәуелсіздігінің түйдей құрдасы – КТК телеарнасы да өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:

- Биыл қасиетті отанымыз – Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алғанына  30 жыл толады. Қазақстан журналистері тәуелсіздікпен бірге жасап, егемен еліміздің әр жеңісін, әр жемісін насихаттап, еліміздің, халқымыздың өмір сапасын одан әрі арттыруға зор үлес қосып келе жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.