{metadescription}
Ірі қалалардың айналасын қоқыс басып жатыр
Ірі қалалардың айналасын қоқыс басып жатыр

Ірі қалалардың айналасын қоқыс басып жатыр

Ірі қалалардың айналасын қоқыс басып жатыр. Алматы іргесіндегі полигондарды аралған үкіметтік комисия мүшелері жағасын ұстады. Бір күнде Алматы көшелерінен ғана 200 тоннаға жуық қоқыс шығарылады.

Тұрмыс қалдықтарынан энергия алу мәселесі талай көтерілгенімен, қоқысты өңдеу жағы тұралап тұр.

Ахметжан Пірімқұлов, ҚР Экология, геология және табиғат ресурстар вице-министрі:

- Бүгінде елімізде 8 жарым мыңнан астам осындай апатты қоқыс орындары бар. Өкінішке орай олар жыл сайын артып барады. Осыған байланысты бірнеше норма енгізілді. Оның біріншісі – лицензия. Тұрмыс қалдықтарын  өндеу компанияларын міндетті түрде лицензиялау. Қоқыс шығару компаниялары рұқсат алу керек. Осындай кәсіппен айналысамыз деген. Содан кейін бүгінде жаңа полигондарды соғуда жергілікті атқарушы органмен бірге жұмыс істелініп жатыр.

Қоқыс жиналған аумақтардың артуына байланысты қазір жауаптылар түрлі амал қарастыруда. Соның бірі  қалдықтарды жағып, электр қуатын өндіру. Қазір еліміздегі қоқыс өңдейтін төрт зауыттың қарқыны жетпей жатыр. Қосымша алты қалада іске қосылатын кешен құрылысына 181 миллиард  инвестиция тартылмақ. Осы орайда тұрмыс қалдықтарын пайдаға жаратуды бір жарым миллион тоннаға дейін ұлғайтып, оның 900 мың тоннасын сол энергияға айналдырмақ. Waste to Energy жобасы Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Шымкентте жүзеге асырылады.

Вице- министр Пірімқұлов былтыр 23 қалада 9 мыңға жуық рұқсат етілмеген қоқыс полигонының 80%-ы жойылғанын айтты. Соңғы төрт айдың өзінде қалдық төгілетін 787 орын тегістелген. Бұл жұмысты жүргізуге жыл сайын жергілікті бюджеттен шамамен 100 миллион бөлінеді.

Асхат Аңсатбаев, Еңбекшіқазақ ауданы ТКШ және Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Біздің ауданымызда қазір заңды полигон жоқ. 2021 жылдың мамыр айында Ташкенсаз ауыл округінде ауданымызға қарасты ауылында заңды полигон салуға жобалау смета мемлекеттік сараптамаға өткізілді. Бұл жоба смета  құжаттамалардың бірінші қабылдауынан кейін ескертулер берілді. Сол ескертулерді орындап, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін бізге 2022-2023 жылдарға құрылыс жоспарланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.