{metadescription}
Семейде қоғамдық жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты
Семейде қоғамдық жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

Семейде қоғамдық жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

Семейде бүкіл қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлар жұмысқа шығудан бас тартты. Олар еңбекақыға жарымай жүргеніне наразы. Оның үстіне зейнетақы мен медициналық сақтандыру қорына да көк тиын аударылмаған.

Жұмысшылар жаңа автопаркті құрған жергілікті биліктен субсидия бөлуді талап етіп отыр. Атқамінерлер оларға жаңа қызмет орнын іздеп әлек. Себебі: «SEMEY BUS» тасымалдаушы компаниясы құрдымға кетудің алдында тұр.

Семейдегі қоғамдық көліктің жыры атан түйеге жүк болардай. Бірнеше күнен бері жүргізушілер мен кондукторлардың дүрбелеңі күшейді. Бүгін таңертең тағы да жергілікті билік жаңартқан автопарктің жұмысы автобустардың жолға дайындығын тексеруден емес, ереуілімен басталды. Соның салдарынан жұрт діттеген жеріне жете алмай әлекке түскен. Асыққандар такси қызметіне жүгінуге мәжбүр.  

Орынғайша Құрмашева, Семей қаласының тұрғыны:

- Міне, күткенімізге бір сағаттай болды. Автобус жоқ. 14 - ықшамауданнан таксимен келдік. Диагностика клиникасына дейін 500 теңге.

Жүргізушілер мен кондукторлар еңбекақыға жарымай жүргеніне наразы. Оның үстіне зейнетақы мен медициналық сақтандыру қорына да айлап көк тиын аударылмаған.  Сондықтан 140-тай автобус жүргізушілері көліктерін қаңтарып қойып, бағытқа шығудан жаппай бас тартты. Олар сан мәрте уәдені үйіп- төккен атқамінерлерден төлемді қалпына келтіріп, субсидия бөлуін талап етуде.

Сарқыт Дүйсембекова, кондуктор:

- Өзіңіз еркекше баяғыдан бері айтып келесіз. Еркек деген айтқанын орындауы қажет. Ал біздің басшымыз жоқ. Зейнетақымызды бәріне жұмсап жатырсыз. Көріп отырмыз.

Бүгінде жаңа құрылған автопарк құрдымға кетудің алдында тұр. Өйткені берешекке белшесінен батқан. Несиеге алынған жаңа автобустардың да қарызы өткелмей жатыр. Сондықтан елордалық сот көліктерді тәркілеуге шешім шығарыпты. Бірақ үкім әлі заңды күшіне ене қойған жоқ. Ал парк басшылығы қарыздың қордалануын дер кезінде  субсидия бөлінбеуімен байланыстырды.

- Ең біріншіден жаңа автобустар алынуы керек. Екіншіден, электрондық билет. Үшінші, субсидия бөлінуі керек.

Егер тасымалдаушы компания құрдымға кетсе, 200-ге жуық адам жұмыссыз қалады. Жергілікті билік тығырықтан шығатын жол табамыз деп ақталды. Олар жұмысынан босаған жағдайда жүргізушілер мен кондукторларға қызмет тауып беруге кіріскен.

Айдар Садырбаев, Семей қаласы әкімінің орынбасары:

- Еңбекпен қамтуға жауапты мекемелердің барлығы есептеп жатыр. Мақсат –  әрқайсына жұмыс ұсыну. Жұмыс берушілердің өтініштері бар. Соларды жүйелесек, 700 бос орын бар.

Қалада жаңа автобуспаркі 2019 жылы құрылған. Содан бері жұмысшылар бірнеше рет субсидия бөлу мәселесін көтерген. Бірақ бұл шешімін таппады. Енді ол құрдымға кетсе, кезінде шенеуніктер жарамсыз етіп тастаған көліктер жолаушылар тасымалымен қайта айналысуы мүмкін.

Тағдыры қыл үстінде тұрған жаңа автобустардың 49 пайызы жергілікті билікке тиесілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.