{metadescription}
Түркістанда тауда адасқан туристердің жетіншісі табылды
Түркістанда тауда адасқан туристердің жетіншісі табылды

Түркістанда тауда адасқан туристердің жетіншісі табылды

Түркістан тауларында адасқан жеті туристің соңғысы табылды.  Өкінішке қарай, құтқарушылар 27 күн бойы іздеген жігіт аман  қалмапты. Студенттің мәйіті осы уақытқа дейін суда жатқан. 

Студенттің денесі бүгін сағат 11:50-де Айғыржыққан мен Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен табылды. Су астынан табылған мәйітті құтқарушылар тікұшақпен алып шықты. Марқұмның денесі туыстарына берілді. Оның өліміне не себеп болғанын енді сот сарапшылары ғана айта алады.

22 жастағы жігіт осыдан бір ай бұрын жабайы табиғатта адасып кеткен жеті туристтің бірі. Жігіттердің тауға серуендеуге кетіп қайтып оралмағаны туралы 25-мамырда белгілі болды. Үшеуі аман-есен табылып, кейін тағы үш жігіттің мәйіті Сары-Айғыр шатқалынан шықты. Соңғы – жетінші жігітті күні-түні іздеген жүзден аса адам табанынан таусылған. Құтқарушылар тауды тіміскілеп,  адамның аяғы жетпейтін жерлерді тікұшақпен барлаған.  

Талғат Уәли, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі:

- Сегіз бағытта ізделді. 107 адам, 17 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен тікұшақ жұмылдырылды. ҚР ТЖМ барша азаматтарға таулы жерлерде қауіпсіздік шарасын қатаң сақтап, дайындықсыз тауға шықпауға кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде