Бағасын мемлекет белгілейтін дәрі-дәрмек тізімі қысқартылды
Қазақстанда бағасын мемлекет белгілейтін дәрілік заттардың тізімі қысқарды. Бұл дәріханалардың арасында бәсекелестік қалыптастырып, сала кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мақсатында жасалған шара дейді үкіметтегілер.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
22.06.2021
Серік Жұманғарин, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:
- Нарық қатаң реттелген. Патенттелмеген атауы бойынша өзара алмасу болғанда мемлеккеттік бағалық реттеуге жататын дәрі-дәрмекті қысқарту қарастырылып жатыр. Қазір трастқа қатысты реттеу шеңберінде тек 2020 түрлі аспектілермен 109 тергеу аяқталды.
3700-ден астам препараттың бағасын енді дәріханалар өзі белгілейді. Жыл басында Кәсіпкерлер палатасы елдегі дәріхана бизнесіне қолдау сұраған. Мемлекеттің баға белгілеуінің кесірінен көптеген кәсіпкер шығынға батқан. Тіпті кейбір препараттарды сатудың тиімділігі болмай, оны дәріханалардан табу мүмкін емес болатын. Мәселенің екінші жағы: бағаны белгілеуге мемлекет араласпайтын дәрілік заттар енді қымбаттайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!