{metadescription}
Алматы қайта «сары» аймаққа ойысты
Алматы қайта «сары» аймаққа ойысты

Алматы қайта «сары» аймаққа ойысты

Алматыда КВИ-на қатысты ахуал қайта нашарлап, «сары» аймаққа ойысты. Соңғы тәулікте қалада 110 адамнан COVID-19 анықталған. Соған қарамастан қалада қазақ мемлекеттік циркі ашылып, көпшілікке қойылым көрсетуге кіріспек.

Цирк пандемияға байланысты жылдан аса уақыт бойы жұмысын тоқтатып қойған.

Бақыт Бөкебаев, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры:

- 16-наурыздан жабық тұрдық. Қазір біз «Ашықпен» осы 3-шілдеден бастап 15 тамызға дейін жаңа бағдарламамызды дайындап, көрермендерге тарту етпекшіміз.

Қазір әртістер ұзақ үзілістен соң көрерменмен қайта қауышуға қызу дайындалып жатыр. Алайда қала «сары» аймақта болғандықтан, цирк залына келушілер 40 пайыздан аспауы керек.

Алматы небәрі он күн ғана жасыл аймақта болды. Қазір қауіптің «сары» деңгейінде Шымкент, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. Қалған өңірлерде ахуал тұрақты. Жалпыеліміз әлемдік деңгейде індеттің таралуы бойынша «сары» аймақта. Пандемия басталғалы коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 410 мыңнан асты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.