{metadescription}
Елімізге үнді штамы қайдан келді?   
Елімізге үнді штамы қайдан келді?   

Елімізге үнді штамы қайдан келді?   

Ал сол үнді штаммының елордаға қайдан келгені белгілі болды. Дәрігерлердің айтуынша, коронавирустың қауіпті мутациясы Ресей мен Ауғанстаннан жеткен. Дельта-штамм болуы мүмкін деген кей науқастардың өзге облыстардан да келгені анықталды.  

Денсаулық сақтау министрінің сөзіне сенсек, елде жағдай қалпына келе жатыр екен. Бірақ көрші Ресейде жағдай қиындап тұрғандықтан шекарадағы бақылау да күшейтіледі.

Елордада коронавирустың үндістандық штаммы болуы мүмкін деген хабар кешелі бері бас қаланы аяғынан тік тұрғызды. Бүгін өткен үкіметтік комиссия да шұғыл шешім шығарып, карантин талаптарын күшейтіп жатыр. Ал қаланың бас санитар дәрігері ковидтің қауіпті түрі қайдан келгенін айтты.

54 науқастан алынған сынама алынған. Алдын ала талдауда солардың 56 пайызында үнді штаммының ықтималдығы бар екені анықталды. Тағы 39 пайызында британдық штаммға ұқсас түрі табылған. Қауіпті вирусты елордаға жеткізушілер арасында өзге өңірден келгендері де бар.

Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері:

- Пациенттердің 80 пайыздан астамында клиникалық ерекшеліктер байқалып отыр. Оның ішінде 20 науқас ауруханаға жеткізілді. 20 пайызында ауру белгілері байқалмайды. Бірақ олардан да біреуі ауруханаға түсті. Көпшілігі дәрігерге өз бетінше қаралған. 6-уы сырттан, Ресейден, Ауғанстаннан, Түркістаннан, Шығыс Қазақстан облысынан және екеуі Ақмола облысынан келген.

Бұл ақпарат бір елорда емес, өзге өңірлер де үнді штаммынан сау емес дегенді меңзейді. Дегенмен министрлік елде жағдай қалыпты деп бағалады. Өйткені күн сайын жаңа тіркелетін науқас саны бір ай бұрын 2200-ден асып тұрса, қазір ол көрсеткіш мыңға жетпейді. Тек соңғы аптада өсім бар.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Соңғы аптада коронавируспен ауыру көрсеткіші 4 пайызға артты. Себебі: өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында жаңа тіркелген науқас саны 40 пайызға көбейген. Қазір  ауруханаларда коронавирус науқастарына арналған төсек 25 пайызы толған. Жансақтау бөлімдерінде 21 пайыз.

Үнді штаммының ел аумағына келгенін ескерген министр Цой әкімдіктерге дайын отыру керектігін тағы ескертті. Әсіресе дәрі-дәрмек жеткілікті болуы, жасанды желдету құрылғыларын сатып алуға қажет қаражат, жеке қорғаныс заттары, ауруханаларда қажетті төсек орындары мен жедел жәрдем қызметін дайындап отыруды сұрады.

Үнді штаммының қауіптілігі сондай, осыған дейінгі түрлеріне қарағанда жұғу көрсеткіші 60 пайыз артық. Қазіргі штаммдар бір адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, үнді штаммы 5-6 адамға бірден жұғады.

Бүгінде көрші Ресейде жағдай қиындап жатыр. Соған байланысты, Үкімет басшысы Асқар Мәмин мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтуді тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.