{metadescription}
Елордада карантин күшейтіліп, қосымша шаралар қабылданады
Елордада карантин күшейтіліп, қосымша шаралар қабылданады

Елордада карантин күшейтіліп, қосымша шаралар қабылданады

Карантин қайта күшейтіледі. Бүгін ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирустың үндістандық штаммының анықталуына байланысты бірқатар шектеулер бекітілді.

Енді вакцина салдырудан бас тартатын қызмет көрсету саласының, кәсіпорындардың және адам саны көп өзге де ұжымдардың қызметкерлеріне міндетті ПТР-тестілеу талабы қойылады. Комиссия бекіткен тағы да бірнеше шектеу бар

Коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бас санитар дәрігеріне карантинді күшейтуде қосымша шаралар қабылдауды ұсынды.

Енді вакцина салдырудан бас тартатын қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп орындарының және өзге де ұжымдардың қызметкерлеріне міндетті ПТР-тестілеу талабы қойылады. Қызмет көрсету саласының өкілдері мен адам саны көп ұжым мүшелері  COVID-19-ға қарсы вакцинасыз жұмысқа кіруді шектеуі тиіс.

Ashyq жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персоналды, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда, вакциналау қажеті жөнінде талап енгізу қажет.

Енді Ashyq жобасына сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен азық-түліктік емес базарлар да қосылады. Ал Нұр-Сұлтан қаласында «дельта» штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты, бірқатар шектеулер де ұсынылды. Енді азық-түлік емес тауарларды сататын сауда ойын-сауық орталықтары, ірі сауда орталықтары, сауда желілері сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді. Ал жұмыс күндері тек 17.00-ге дейін ғана қызмет көрсете алады.

- Жабық азық-түліктік емес базарлардың жұмысын, осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеу қойылады. Санитарлық талапты сақтай отырып, 100 адамнан асса, ашық ауада жаппай іс-шара өткізуге тыйым салынсын.

Ведомствоаралық комиссияның ұйғарымымен ел астанасындағы мейрамханалар, дәмханалар, барлар мен асханалар да сенбі, жексенбі күндері қызмет көрсетпейді. Ал жұмыс күндері таңғы 7-ден кешкі сегізге дейін ғана ашық болады.

Комиссия отырысында денсаулық министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп 28-маусымға дейін резерв қорлардағы төсек-орынды, кадрлық қамтамасыз етуді, дәрі-дәрмек жеткіліктілігін тексеру тапсырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде