Сирек дертке шалдыққан бір жасар Аялаға дереу көмек қажет
Өскеменде сирек дертке шалдыққан бүлдіршінге дереу көмек қажет. Бір жастағы Аялаға бұлшық етінің атрофиясы деген диагнозы қойылған. Сәби өскен сайын қозғалысы қиындап, жағдайы нашарлап барады.
Автор: Ұлан Нұрахмет
23.06.2021
Қаршадай Аяланы анасы ай-күні жетіп босанған. Бірақ өсе келе балақайдың аяқ-қолы икемге келмейтінін байқапты. Бірден астанадық дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ақ халаттылар қыздың сирек кездесетін дертке шалдыққанын анықтады. Енді оның аяққа тұруы үшін әлемдегі ең қымбат дәрі керек. Бұл препарат АҚШ-та ғана бар. Оның құны 1 миллиард теңге. Егер ол болмаған жағдайда бүлдіршін қозғалыссыз қалуы мүмкін. Ал қарапайым отбасында препарат сатып алуға қомақты қаражаты жоқ. Сондықтан қыздың ата-анасы жомарт жандардан көмек сұрауға мәжбүр.
Алма Құмарбекова, Аяланың анасы:
- Балама көмектесіңіздерші. Біз оның асыр салып ойнағанын көргіміз келеді. Препарат алуға ақша болмаған соң, сіздерден көмек сұрауға мәжбүрміз. Ем-домды ертерек жасамасақ, қызымның тыныс алуы қиындауы мүмкін.
Аяланың анасы, Алма Құмарбекова: 8 705 527 77 27
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!