{metadescription}
Бесағаш жұрты көпқабатты үйдің салынуына қарсы шықты
Бесағаш жұрты көпқабатты үйдің салынуына қарсы шықты

Бесағаш жұрты көпқабатты үйдің салынуына қарсы шықты

Алматы облысында жұрт көпқабатты үйдің салынуына қарсы шықты. Алғашында тұрғындарға мердігер компания жеке үйлерінің тура жанынан үш қабатты баспана тұрғызылатынын айтқан.

Алайда ғаламтордағы дәл сол маңға 10 қабатты ғимарат баспана бой көтеретін жарнаманы көріп, пәтерлер сатылымға шығарылғанын біліп жағасын ұстап отыр. Биік нысан бой көтерсе, үйлері көлеңкеде қалатынын айтпағанда, жаңа қоныстанған тұрғындармен олардың көліктері аядай жерге қалай сиятынын түсіне алмай дал. 

Былтыр ғана бұл маң жасыл желегі жайқалған дала болыпты. Ал биыл ағаштар кесіліп, көпқабатты баспана салуға дайындық жүргізіле бастаған. Мұны естіген Бесағаш ауылының тұрғындарының көңілі пәс. Айтуларынша, негізгі талап сақталмапты. Жолымызды жапқанымен қоймай, биік үй бой көтерсе, күн сәулесін көруден қалатын болдық деп қапалы. 

Әзілхан Досқұлов, Алматы облысының тұрғыны:

- Енді ойлаңыз бес-алты метр ғана жер. Сегіз-он метрдей, шамамен екі көлік сыятындай жол болу керек. Оны да бізге қалдырып жатқан жоқ. Өз, жеке  аумағымыз. Не істесек те, өзіміз білеміз деп отыр. Отбасыма үй салып жатқан соң, көлікпен келе алмаймыз, түк істей алмаймыз.

Тұрғындардың мазасын қашырған құрылыс. Алғашқы жұмысы басталып кеткен. Жапсарлас орналасқан жер үйлердің иелері алдағы уақыттағы қайнай түсетін құрылысты ойласа, төбе шашы тік тұрады. Өйткені қазірдің өзінде үйлеріне шаң-тозаң кіріп, күні-түні тынышын гүрілдеген дыбысы бұзып жатыр.  

Жиналғандар талапқа сай құрылысқа жауаптылар бірде -ір рет келіп кеңеспегенін айтады. Тек үш қабатты үйден биігі салынбасын деп отыр. Ал мердігер компания іргетасы қаланбаған баспананы 10 қабат етіп бой көтеретінін жарнамалап , сатылымға шығарып үлгерген.

Жаңылыс Нұралиева, Алматы облысының тұрғыны:

- Тәртіп жоқ па? Мына жерде өңкей жеке үйлер. Соның арасынан бір тау өсіп шығады. Сондай биік үйлер. Ол дұрыс емес қой! Қазір барі қашықтан жұмыс істеп, оқып отыр. Егер оқу басталса, не болатынымызды білмеймін. Өте қиын жағдай.

Ал он қабатты баспана салатынын ғаламторда жариялаған  құрылыс компаниясы жоба әлі бекітілмеген деді. Құрылыс әлі басталмады деп басын  ала қашты.

Серік Қонысбеков, құрылыс компаниясының ресми өкілі:

- Тұрғындарға жауапты үш күннің ішінде жазбаша жібереміз. Қазір құжаттар қаралымда, яғни дайындалып жатыр. Жоспар бойынша мұнда көп қабатты үй салынады. Ал қанша қабат бой көтеретіні әлі нақтыланған жоқ.

Талғар ауданына жақында келген әкім орынбасары бұл құрылыстан хабарсыз болып шықты. Осылайша жақын күндері тұрғындардан тарап-арыз жинап, мәселені шешуді өз қолыма аламын деп уәде етті.

Төрехан Барлық, Талғар ауданы әкімінің орынбасары:

- Бұл кісілер құжаттаманы 2019-2020 жылдары алып қойған. Ол кезде ПЗД жасатылады. Құрылыс-монтаж жұмысы, сосын талон беріледі. Сараптама  алынады.  Талон алу үшін бұларда рұқсатнама қағаз болуы керек. Бүгінгі тарапты шақырып, бүкіл қағаздарын қарастырайын. Қазір мен құжат көрмейінше, сіздерге ештеңе айта алмаймын.

«Әзірге ештеңе айталмайтын» деген шенеунік жұртшылықпен аптаның аяғына қарай кездесу ұйымдастырамыз деп отыр. Сол кезде тараптар түйткілі тарқатылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде