{metadescription}
Вакцинаға қатысты талап бизнес иелерін есеңгіретіп тастады
Вакцинаға қатысты талап бизнес иелерін есеңгіретіп тастады

Вакцинаға қатысты талап бизнес иелерін есеңгіретіп тастады

Қызметкерлер саны 20-дан асатын ұжым вакцина ектіруге міндеттеледі деген талап бизнес иелерінің төбесінен жай түсіргендей болды. Ал вакцинадан бас тартқандар әр апта сайын тек ПТР-тестің теріс қорытындысымен жұмысқа кіргізіледі дегенге де кәсіпкерлер қарсы. Айтуларынша, бұл осынсыз да шатқаяқтап тұрған кәсіпті тұралатуы мүмкін. Айта кетсек, вакцинация мен ПТР теске қатысты бұл талап негізінен мейрамхана, қонақ үй, сауда-саттық сияқты қызмет көрсету саласына қатысты.

Қазір сауда орталықтарында тек келушілердің дене қызуы өлшенеді. Алдағы уақытта «Ашық» жүйесі бәріне міндеттелсе, онда мәртебесі айқындалмағандар мұнда жолай алмауы да мүмкін.

Келушілерден бұрын сауда орталықтары енді қызметкерлерінен айырылып қаламыз ба деп алаңдайды. Жаңа қаулы бекітілсе, жұмысшылары 20 адамнан асатын ұжымдар тегіс вакцина салдыруға тиіс. Ал бұл орталықтағы қызметкердің 30 пайызы қазірден бастап екпеден бас тартатынын қадап айтқан.

Бауыржан Сералин, сауда орталығының өкілі:

- Енді ол ертең қаулыда анық көрсетіледі. Қалай істеуіміз керекЮ Қалай қабылдауымыз керек? Бірақ кешегі комиссияның шешімі бойынша біз енді сырттан кірген адамға, қызметкер болмасын, жай тұтынушы болмасын, барлығынан «Ашық» арқылы оның мәртебесін қарап отыруымыз керек.  

Ал екпе салдырмағандары жұмысқа ПТР-тесттің теріс қорытындысымен келуге міндеттеледі. Апта сайын қажет ететін сынаманы қызметкер өз қаражатына жасай ма, әлде жұмыс орны төлеуге міндеттеле ме, ол жағы әлі нақтыланбаған.

Мария Төлеубай, мейрамхана менеджері:

- Біз ешкімді мәжбүрлеген жоқпыз. Өйткені бұл жұмыс болғандықтан, бәріміз ұзақ уақыт осында жұмыс істегендіктен, қонақтарға қызмет көрсеткеннен кейін, бәрі өз еркімен екпе алды.

Қазақстан рестораторлар клубының мәліметінше, індет дендеген уақыт аралығында бір ғана Алматының өзіндегі тамақтану орындарының 50 пайызы жабылған. Ал «Ашықпен» адамдарды алалау бұл антистатистиканың одан әрі өсуіне себеп болады деген пікірде.

Елена Юферова, Қазақстан рестораторлар клубының мүшесі:

- Қоғамдық тамақтану орындарының 90-95 пайызын жабуға тура келеді. Өйткені статистиканы қарайтын болсақ, екпе қабылдағандардың саны өте аз. Қызметкерлер вакцина салдырмаса, ПТР-тест қорытындысымен жұмыс істей алады дейді. Ойлап қараңыз, әр үш күн сайын тест тапсыруға кімнің жағдайы  жетеді? Бұл реформа бизнесті өлтіреді.

«Ашық» қосымшасы бойынша «қызыл» мен «сары» ғана емес, «көк» түсті көрсетсе де, клиент ішке кіргізілмейді деген мәселе де қарастырылуда. «Бұл бизнесті құрдымға жібереді», - дейді кәсіпкерлер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде