Маңғыстау облысында бір күнде 46 адам КВИ-мен тіркелген
"Жасыл" аймақтан қайта «сарыға» ауысқан Алматы ғана емес. Бүгін бұл қатарға Маңғыстау облысы қосылды. Мұнда бір күнде коронавируспен 46 адам тіркелген.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
23.06.2021
Қазір коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қауіптің «сары» деңгейінде 6 өңір тұр: Алматы, Шымкент, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
Соңғы тәулікте мұнда коронавирусқа шалдыққандар саны күрт артты – 413 науқастың тесті оң шыққан.
Қалған өңірлерде вирус жұқтыру қаупі төмен. Соңғы тәулікте елімізде індетпен 1248 адам тіркелді. Ал жалпы пандемия басталғалы коронавируспен ауырған отандастарымыздың саны 412 мыңға жуықтаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!