{metadescription}
Алтай Көлгінов: Локдаунға оралуымыз мүмкін, адам өмірі қыл үстінде
Алтай Көлгінов: Локдаунға оралуымыз мүмкін, адам өмірі қыл үстінде

Алтай Көлгінов: Локдаунға оралуымыз мүмкін, адам өмірі қыл үстінде

Нұр-Сұлтан қаласында қайтадан қатаң карантин. Локдаун енгізілуі мүмкін. Себебі: эпидахуал соңғы кезде ушыға түскен. Ведомствоаралық комиссия елорда басшылығына бір апта уақыт берді. Осы уақыттың ішінде ахуалды барынша ауыздықтауы тиіс. Дерттен сақтанудың жалғыз жолы екпе болғанымен, вакцинация қарқыны құлдырап кеткен.

Мәселен, өткен аптада коронавирус жұқтырғандар қатары 43 пайызға артқан. Оның үстіне ауруханаға жатқызылып жатқан науқас саны да өсіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі астанадағы ауруханалардың жұмысы сылбыр, вирус жұқтырғандарға тиісті көмек көрсетілмей жатқанын айтты. Оған қоса қаладағы мониторинг топтардың жұмысы бәсеңсіген. Дерт жұқтырғандардың саны арта түссе, екпе қабылдап жатқандардың саны кеміген. Ел астанасында сәуірге қарағанда вакцина қабылдағандар қатары 50 пайызға аз. Сондықтан екпе қабылдау белсенділігін арттыру үшін түрлі акция ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, ел астанасындағы ірі сауда кешенінде алғаш рет екпе қабылдаған азаматтар темір тұлпар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Оның үстіне апта сайын тұрмыстық техника және басқа да сыйлықтар ұтысқа қойылады. Бүгінде елордада екпенің бірінші компонентін 187 мыңнан астам адам, ал екінші компонентін 136 512 адам салдырған.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

Шұғыл түрде вакцина алу қажет. Вакциналау арқылы өзіңізді, отбасыңызды және айналаңыздағы жұртты қорғайсыз. Егер коронавирус инфекциясының жұқтыру көрсеткіші азаймаса, қала тұрғындары мен ШОБ нысандары қатаң санитарлық нормаларды сақтамайтын болса, локдаунға қайта ораламыз. Адам денсаулығы мен өмірі қыл үстінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде