Тоқаев: Вакциналау қарқынын арттыру – әкімдердің тікелей міндеті
Вакциналау қарқынын арттыру – әкімдердің тікелей міндеті. Бүгін президент облыс пен қала басшыларына мұны тағы ескертті. Әкімдер екпе салу науқанынан шеттеп қалмай, вакциналаудың басы-қасында жүруі қажет.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
23.06.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы қыркүйекте еліміздегі оқу жүйесі дәстүрлі форматқа көшетінін де айтты. Сондықтан жергілікті билік жаңа оқу жылына дайындықты қазірден бастап қолға алу керекОнлайн жүйесіне биімделген университеттердің, мектептер мен балабақшалардың инфрақұрылымдарының дайындығын, оқытушылар мен тәрбиешілер штатының жасақталу деңгейін тексеріледі.
Бірқатар өңір мен шаһар басшыларын жеке қабылдаған президент азық-түлік бағасын реттеуді де мықтап тапсырды. Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын тұрақтандыру керек. Ал баға күннен-күнге шарықтап жатыр. Мемлекет басшысы барлық әкімрді сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алуды күшейтуге шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:
- Бұған дейін айтқанымдай, егер мемлекеттік қызметші бюджет қаржысын жымқыруды немесе пара алып баюды көздемей, шешім қабылдау кезінде қателікке жол берген болса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек. Әйтпесе мемлекеттік аппараттың берекесін кетіреміз. Сыбайлас жемқорлыққа саналы түрде барған шенеунік қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!