{metadescription}
Абылай Балапанов: Адам құтқарғанымды ерлік санамаймын
Абылай Балапанов: Адам құтқарғанымды ерлік санамаймын

Абылай Балапанов: Адам құтқарғанымды ерлік санамаймын

Алматыда субұрқақта тоққа түскен адамдарды құтқарған 19 жасар Абылай Балапанов марапатталды.

Өзгенің өмірі үшін өз басын қатерге тіккен студентке Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрмет грамотасын жіберсе, Төтенше жағдайлар департаменті «Ерлігі үшін» төсбелгісін тақты.

Абылай Балапанов:

- Ең басында көрген кезде, тоқ бар деген кезде өліп қалу қаупім бар деген ойым болды. Бірақ адамдардың суға тұншығып, тоққа түсіп жатқанын көрген кезде қаупім бір мезетте сейіліп кетті. Бірақ мен өз істегенімді батырлық деп санамаймын. Адамдық міндетімді, борышымды орындадым деп ойлаймын.

19-маусымда Алматыдағы цирктің алдындағы субұрқақта екі қыз бен бір келіншекті тоқ соққан. Оларды құтқаруға ең алғаш болып сол маңда кітап оқып отырған Абылай Балапанов ұмтылған. Алдымен жасөспірімдердің бірінің анасын судан алып шыққан. Артынша қыздарды да құтқаруға әрекеттенгенде өзін де тоқ ұрған. Есін жиғанша, маңайдағы адамдар көмекке келіп үлгеріпті. Осылайша өз өміріне де қауіп төндірген Абылайдың қазір денсаулығы жақсы. Ал зардап шеккен әйел әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Беті бері қараған қыздар қазір дәрігерлерлердің бақылауында.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде