{metadescription}
Әке-шешесінің салғырттығынан 8 жасар бала қолынан айырылды
Әке-шешесінің салғырттығынан 8 жасар бала қолынан айырылды

Әке-шешесінің салғырттығынан 8 жасар бала қолынан айырылды

Ата –ананың салғырттығынан бала қолынан айырылды. Маңғыстау облысында сынықшыға салдыртқан баланың  қолын ампутация жасауға тура келген.

Оқиға Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылында болған. Велосипедтен құлап оң қолын сындырып алған 8 жасар баланы ата-анасы емшіге апарған. Ол сынған қолды орнына салдым деп мықтап байлап жіберіпті. Он күннен кейін бала өзін жайсыз сезінеді. Ауруханаға апарса, баласының қолы іріңдемек түгілі шіріп кеткен. Дәрігерлер қарап, қолын шынтағына дейін кесіп тастайды. Баласының денсаулығына салғырт қараған ата-анасы емшіні полицияға да, сотқа да бермейміз деп отыр. Дегенмен  Жаңаөзен қаласының полиция бөлімі тексеру жүргізуде. Бала қазір дәрігерлердің бақылауында.  

Құрман Қайранов, дәрігер:

- Сынық болған кезде қашанда орнына келе бермейді. Оның үстіне жаңағыдай асқынулар болуы мүмкін, қатты таңғыш салып тастаған кезде. ХХІ ғасыр, заман дамып жатыр, технология дамып жатыр. Қол-аяғы сынған баланы ең бірінші ауруханаға жеткіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде