{metadescription}
0:000:00
Шарбақтан секірмек болған баланы тоқ соғып өлтірді

Шарбақтан секірмек болған баланы тоқ соғып өлтірді

Ойнап жүріп от басқан. Ақтауда темір шарбақтан секірмек болған баланы тоқ соғып өлтірді. Алдын ала болжам бойынша, 14 жастағы жеткіншек ұзындығы екі метр шарбақтан өтпек болғанда  жарық бағанасынан тоқ ұрып, жерге басымен құлаған.

Берік Сарсемалиев, куәгер:

- Сыртқа шықсам адамдар жиналып тұр, бала жерде талып жатыр.  Жасанды тыныс алу жасадым. Беті бері қарағандай болды. Қатты тоқ ұрған сияқты. 

Қайғылы оқиға түнгі он шамасында қаладағы 5-ші ықшамауданындағы мектептің маңында болған. Ойын баласының шырқыраған дауысы жұрттың зәре-құтын қашырған. Куәгерлердің айтуынша, мектеп ауласында достарымен ойнап жүрген бала үйіне баратын жолды қысқарту мақсатында темір шарбақтан секіріп өтіп жатқанында жарық шамы тұрған бағанадан тоқ ұрып, жерге баспен құлап, есінен есінен танып қалған. Қатты жарақаттан тіл тартпай кетті. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.  

Серік Гусман, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:

- Екі мәселе көтеріліп отыр. Біріншісі, дуалдан құлап зақым келіп өлуі немесе қасындағы жарық беру бағанасынан тоққа түсті деген күдік бар. Бірақ қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде