{metadescription}
COVID-19: Алматыда үнді штамын жұқтырғандар көбейіп барады
COVID-19: Алматыда үнді штамын жұқтырғандар көбейіп барады

COVID-19: Алматыда үнді штамын жұқтырғандар көбейіп барады

Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырған науқастар күрт көбейді. Індеттің мутация түрімен тіркелгендер саны бүгін 10-ға жеткен. Арасында «дельта» штамымен кеше алғаш болып тіркелген келіншектің сегіз жасар қызы да бар.

COVID-19-дың қауіпті түріне шалдыққан науқастар қазір инфекциялық стационарда ем қабылдап жатыр. Кеше қауіпті үнді штамы 37 жасар келіншектен расталған болатын. Әйелмен байланыста болған 7 адам оқшауландырылған. Енді «дельта» оның баласынан да анықталып отыр. Бүгін сегіз жасар науқастан екінші рет ПТР-тест алынды. Қазір мамандар қорытындысын күтіп отыр.

Алматыда індеттің жаңа штамдарына қатысты генетикалық зерттеу күнделікті жүргізілуде. Қалада күрт көбейген үнді штамы өте жылдам таралады әрі науқасты өлімге дейін әкелуі мүмкін. Сондықтан мамандар тұрғындарға санитарлық талапты қатаң сақтап, екпе алуға кеңес беріп отыр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.