Диас Нұрақын: Қара жұмыс істейтіндердің де еңбегін бағалайды екен
«КТК» телеарнасы қазақстандық телевизияның дамуына қосқан үлесі жоғары деп танылып, марапатқа ие болды. БАҚ саласындағы Президент гранты – телеарнамызда ұзақ жыл қызмет етіп келе жатқан әріптесіміз Диас Нұрақынға бұйырды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
25.06.2021
- Нұрақын Диас Ермекұлына! "КТК" телеарнасының ақпараттық бағдарламалар дирекциясы Орталық редакциясының редакторына, Қазақстан телевизиясын дамытуға қосқан үшін тапсырылады!
Мемлекет басшысының атынан Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнделікті еңбегін жоғары бағалайтынын айтты. Президент ұсынысымен елімізде жаңа мереке пайда болды. Енді қазанның бірінде «Қазақ» радиосының 100 жылдық мерейтойына орай, ресми түрде радио қызметкерлері күні тойланатын болды.
Диас Нұрақын, «КТК» телеарнасы тілшілер қосынының редакторы:
- Бұл теңізге тамған тамшыдай ғана кішкентай, көзге көрінер-көрінбес еңбегіміздің бағаланғаны деп сенемін. Жалпы ойлайтынмын, Президент гранты, Президент сыйлығы деген жоғары марапат тек телеарнадан, көкжәшіктен түспейтін дикторлардың, жүргізушілердің ғана алатын сыйлығы деп. Жоқ, олай емес екен. Біз сияқты кадр сыртында жүретін, қара жұмыс істейтін журналистердің де, тілшілердің де еңбегін бағалайды екен. Бұл марапат жалғыз менікі емес, жеке басыма берілген жоқ – барлық әріптестерімнің жеңісі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!