{metadescription}
Жаңа форма: Енді полицейлер кроссовки киеді
Жаңа форма: Енді полицейлер кроссовки киеді

Жаңа форма: Енді полицейлер кроссовки киеді

Формадағы реформа! Ішкі істер министрлігі полицейлердің жаңа киім үлгісін көрсетті. Патрульдік полицейлер, сыртқы қызметтегілер мен басқару аппараттарындағыларға дейін жаңа үлгіде киінетін болды.

Форманы дайындағанда полиция қызметкерлеріне барынша ыңғайлы əрі түрлі климат жағдайы ескерілді дейді министрліктегілер. Жаңа үлгідегі киім дизайны мен құрылымына қарай патруль полиция қызметкерлеріне және ішкі істер органдарының басқару аппараттарына арналған. Әйел қызметкерлерге жазда киетін қосымша көйлек те беріледі. Тәртіп сақшыларының тұңғыш рет аяқ киімі өзгерген. Енді полицейлер туфли мен етік орнына аяқты жарақаттанудан қорғап, сырғанамайтын кроссовка киеді. Әр өңірдің эмблемасы қызметкерлердің киімінде болады. Ал металл бұйымдар – жетон, эмблема, жұлдыздар – тоқыма бұйымына ауыстырылды. Министрлік жаңа форманы енгізу қосымша қаржы қажет етпейтінін мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде