Шымкентте арақ-шараптың астыртын төрт цехы әшкереленді
Шымкентте арақ-шарапты қолдан жасап келген төрт бірдей астыртын цехтің жұмысы тоқтатылды. Олар спиртпен су араластырып, сыртына маркасын жабыстырып сатып отырған екен.
Автор: Бек Әбиев
25.06.2021
Әр цех қаланың әр бөлігінде болғанымен ұқсас сценаримен жұмыс істеген. Төрт цехтан дүкен сөрелеріне жеткізілуге дайын тұрған түрлі маркалы 19 мың бөтелке ішімдік, 75 литр спиртпен 13 жарым спирті бар құты табылды. Бес мыңнан астам есепке алу бақылау маркасы мен зиянды алкогольді құйып араластыратын түрлі жабдық алынды. Қазір астыртын цехтардың жұмысын жолға қойғандар бір бап бойынша тергеліп жатса, кінәсін мойындаған жалғыз азамат 4 миллион теңге айыппұлмен құтылды.
Жұпар Мамытова, Шымкент қаласы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі:
- Күдікті бір факті бойынша кінәсін толық мойындады. Келтірілген залалдың орнын толтырды. Оның цехынан анықталған суррогат алкоголь өнімдері толық жойылды. Ал тәркіленген спирт мемлекетке қайтарылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!