{metadescription}
Жиһаздың түр-түрін жасаймын деп жұртты алдап соққан – Ақтау
Жиһаздың түр-түрін жасаймын деп жұртты алдап соққан – Ақтау

Жиһаздың түр-түрін жасаймын деп жұртты алдап соққан – Ақтау

Ақтауда тұрғындарды алдаған жиһаз дүкенінің иесі іздестіріліп жатыр. Ол 20-ға жуық адамнан үйіне қажет жиһаздың түр-түрін жасаймын деп тапсырыс алып, іс-түссіз жоғалған. Тұрғындар әлеуметтік желідегі арзан акция жарнамаға қызығып келісімшартқа отырған.

Жадыра Утенова, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Дүкендегі адам жоқ, қашып жүр. Естуімізше, Түркияда жүр.Құжат жағынан бәрі дұрыс келісімшарт, түбіртек берді, бірақ күткенімізге екі айдан асып кетті. Байланысқа шықпай қашып жүр. Бір миллиондап бергендер де бар.  390 мың қолма-қол берген.  

Тұрғындар екі айдан бері жиһаз дүкенінің есігін күзетіп жүр. Бірі ас үй жиһазына тапсырыс берсе, енді бірі үстел жасатпақ болған. «Бірақ бәрі де қағаз жүзінде қалды», - дейді олар. Жиһаз компаниясы ақшаны алып, тапсырысты орындамай қашып кеткен. 20  адамның ішінде ақшаны қолма-қол бергендермен қатар, несие алып төлегендері де бар. Ең қызығы, жалған серіктестікке банк қалайша сеніп, несие есептейді деп қынжылады олар. Жалпы сомасы 20 миллион теңгеге жуықтайды, дейді жәбірленушілер. Алданған тұрғындар полицияға арыз жазған. Дүкен иесін сотқа беріп, Президентке хат жолдауға бекініп отыр.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Жедел іздестіру іс-шарасында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Қазір ол азаматты ұстау шарасы жүргізіліп жатыр. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде