{metadescription}
Субұрқақта тоқ соққан қыздар аман-есен ауруханадан шықты
Субұрқақта тоқ соққан қыздар аман-есен ауруханадан шықты

Субұрқақта тоқ соққан қыздар аман-есен ауруханадан шықты

Алматыдағы субұрқақта электр тогынан зардап шеккен қыздар ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер бір ажалдан аман қалған олардың жағдайын қалыпты деп бағалап, өміріне төнген қауіптің жоқ екенін айтады.

Алуа Жексенова, Алматы қаласы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Маусымның 19-ы күні түскен 8 және 10 жасар қыздардың жағдайының жақсарып, жетінші тәулікте үйіне шығарылып жатыр. Бүгінде денсаулығына ешқандай шағымы жоқ. Жергілікті емханаға бізден актив берілді. Әрі қарай жергілікті дәрігерлердің бақылауында болады.

Зардап шеккен 28 жастағы келіншек әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

19-маусымда Алматыдағы цирктің алдындағы субұрқақта екі қыз бен бірінің анасын тоқ соққан. Куәгерлердің айтуынша қос жеткіншек субұрқақтың жиегінде ойнап жүріп судың ішіне де түскен. Сол мезетте тоқ ұрған оларды көрген анасы да жанұшыра суға секірген. Алайда тоқ кернеуінен сұлап түскен. Зардап шеккендерді сол маңда кітап оқып отырған 19 жастағы жігіт пен өзге серуендеп жүргендер құтқарып қалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде