{metadescription}
Ақтауда үйіне дезинфекция жасап екі адамды өлтірген әйел сотталды
Ақтауда үйіне дезинфекция жасап екі адамды өлтірген әйел сотталды

Ақтауда үйіне дезинфекция жасап екі адамды өлтірген әйел сотталды

Ақтауда үйіне дезинфекция жасап екі адамның өліміне себепкер болған  әйел 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ашық сот отырысында оның кінәсі толық дәлелденген.

Жұртты дүрліктірген оқиға ақпан айында болған. Пәтерін қандаладан тазартпақ болған әйел көршілеріне ескертпестен үйіне «Квикфос» препаратын шашып кетіп қалған. Удан жоғары қабатта тұратын 10 айлық сәби мен оның анасы көз жұмды. Ал жеті адам есінен танып ауруханаға түскен. Олар дер кезінде дәрігерлерге көрініп аман қалған болатын.

Гаухар Нұрханова, Маңғыстау облысы сотының баспасөз хатшысы:

Дезинфекция жасау кезінде ҚР сатылуға тыйым салынған препаратты пайдаланған. Бұл препаратты қолдану кезінде, өкінішке қарай, көршілеріне алдын ала ескертпеген. Сот үкімімен аталған ҚР ҚК 304-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып,  6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.