Оралдық жігіт байқаусызда пойыздың астына түсіп мерт болды
Оралда 25 жастағы жігіт пойыздың астына түсіп мерт болды. Ол шойын жолдан өтіп бара жатып, жақындап қалған отарбаны аңғармай қалған.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
28.06.2021
Шойын жолдан өтіп бара жатқанда Нұр-Сұлтан-Орал бағытындағы жолаушылар пойызы қағып өткен. Полицияның мәліметінше, марқұм құлаққаппен ән тыңдап келе жатқан көрінеді. Оқиға орына жеткен жедел жәрдем шойын жолға жаншылған жігітті бірден ауруханаға жеткізген. Алайда бас сүйегі зақымданып, миы шайқалған оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Самал Нүрғалиева Орал көпсалалы ауруханасы директорының орынбасары:
- Реаниматолог, нейрохирург, травматолог және басқа да білікті мамандар 35 минут бойы оның өмірі үшін күресті. Өкінішке қарай, жарақат өте ауыр болды. Біз жасаған барлық көмекке, іс-шараға қарамастан науқас қайтыс болды. Өте өкінішті!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!