{metadescription}
Елордада тыр жалаңаш велосипед тепкен еркек не деп ақталды?
Елордада тыр жалаңаш велосипед тепкен еркек не деп ақталды?

Елордада тыр жалаңаш велосипед тепкен еркек не деп ақталды?

Велосипедті тыржалаңаш тепкен. Нұр-Сұлтанда ішімдікке сылқия тойған ер адам осындай ерсі қылығы үшін ұсталды. 42 жастағы тәртіп бұзушының айтуынша, Есіл өзенінде суға түсіп шыққан кезде киімін таппай қалған. Полиция оған қатысты әкімшілік іс қозғады.

Тәртіп сақшыларына тұрғындар таңғы сағат 7-де хабарласқан. Бірден оқиға орнына жеткен полицейлер мас күйдегі ер адамды ұстады. Аяқ киімінен басқа ештеңе кимеген еркектің айтуынша, түнде өзен жағасында досымен бірге ішімдік ішіп, салқындап алайын деп өзенге түседі. Судан шыққанда жағалаудан киімін таппаған. Сөйтсе оның заттарын таныстары алып кеткен. Амалы құрыған ер адам көлігінің жүк салғышынан велосипедін алып, Бараев көшесіндегі үйіне қарай бет алады. Араққа сылқия тойған ол көлік айдамағанын айтып ақталған. Дегенмен полиция Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабымен іс қозғады. Елордалық тұрғын енді айыппұл арқалап немесе қамауға алынуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде