Елімізде КСРО-ның қызыл паспортымен жүргендер анықталып жатыр
КСРО-ның паспортымен қоштаса алмай жүр. Қазақстандағы 1800-ге жуық адам Кеңес одағы кезіндегі қызыл құжатты бүгінгі күнге дейін пайдаланып келген. Мұндай паспортпен жүргендер ішкі істер органдарына жүгінуге міндетті.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
29.06.2021
Былтыр қазан айында елімізде азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтап, құжаттандыру бойынша кең ауқымды науқан өткізілді. Ішкі істер министрлігі осы шараның арқасында ТМД елдерінен Қазақстанға жарамсыз паспортпен келгендерді, 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорт иелерін тапқан. Елдегі құжатсыз жүрген адам саны 4600-ден асады. Олардың көбі Алматы қаласы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарында тіркелді.
Сабыржан Сейітжанов, ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары:
- Оның ішінде жеке басын куәландыратын құжатпен 3408 адам, қалған 1278 адамдардың құжаттандыру мәселесі аяқталуда. Нақтырақ айсақ, 1797 адам КСРО-ның қызыл паспортымен жүргені анықталып отыр. Қазір бұл науқан жалғасып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!